|
作词 : Мұнайдар Балмолда |
|
作曲 : Гүлнұр Нұрасылова |
|
Өмірдің жолын өткерген |
|
Көктеммен күзін көп көрген |
|
Қыз болып қырдан гүл термей |
|
Тезекпен қызыл шоқ терген |
|
Анамды аңсап барғанда |
|
Сəн беріп тұрғанба арманға |
|
Нұр жалын қара ошағын |
|
Сəл суып оттан қалғанба |
|
Көңілім сондай босады |
|
Жылуын бізге тосатын |
|
Қазаны оттан түспейтін |
|
Қызуы қайтіп өшпейтін |
|
Анамның жаққан ошағы |
|
Ақ бауырсағын бісірген |
|
Дəмді қып асын бісірген |
|
Анасның ошағыменен |
|
Қарызбын құшақ ішінен |
|
Түтіні түзу шығатын |
|
Күйесі кие жұғатын |
|
Анамның қазан ошағы |
|
Бəрінен биік болады |
|
Көңілім сондай босады |
|
Жылуын бізге тосатын |
|
Қазаны оттан түспейтін |
|
Қызуы қайтіп өшпейтін |
|
Анамның жаққан ошағы |
|
Күңіреткенде көз көрген |
|
Өшірмеймін деп сөз берген |
|
Тезегін қалап аузына |
|
От жағып жатты ақ жеңгем |
|
Айналып қана кетейін |
|
Қадіріңе қайтіп жетейін |
|
Жеңешем асы біскенше |
|
Əн салып күйін шертейін |
|
Көңілім сондай босады |
|
Жылуын бізге тосатын |
|
Қазаны оттан түспейтін |
|
Қызуы қайтіп өшпейтін |
|
Анамның жаққан ошағы |