|
作词 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста |
|
作曲 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста |
|
Эволюция қате ұғым, Дарвин - маймыл, |
|
Ұнаймын деп жалған айта алмаймын. |
|
Америка, экшн, әлемді құтқарушы |
|
Буш па? Обама ма жарылған қару үшін? |
|
Қулықпен тонауда дүниені яхуди мырза, |
|
Бұл әлем менікі деп өз-өзіне риза. |
|
Мариямұлы Иса әлі де келіп қалар, |
|
Даджал отқа түсір аштырмай-ақ виза. |
|
Туылсын ақын жырау, батырлар мен билер, |
|
Туылсын ибн-Сина, əл-Фарабилер. |
|
Азайып кетпесін ұлтым ғажайып біздің күйлер, |
|
Түбі тұнық асыл сөз, тек сана билер. |
|
Оң құлақтан кірген сөз сол құлақтан шықпасын, |
|
Құлға құл болу үшін басты бұқпаспын. |
|
Білімді-білімсіз екі түрлі бұл қоғам, |
|
Мақсатыма жетпей өлсем онда мен кім болғам? |
|
Қолға алып қаламымды қуаттаймын рухты, |
|
Сыра ішкен жігіттер толтырар тек қуықты. |
|
Бильдерберг ұжымы санаңды бүлдірмек, |
|
Биыл терген шөп шалаңмен ұрпақты күлдірмек. |
|
Сұраққа жауап болар - ол күнге де жетеміз |
|
Əділеттік орналар- ол күнге де жетеміз |
|
Жүректер жазылар - ол күнге де жетеміз |
|
Соғыс өрті жоғалар- ол күнге де жетеміз |
|
Сүрінсек те құламай- ол күнге жетеміз |
|
Жеңіс үшін налымай - ол күнге де жетеміз |
|
Аш қарын тоқ болар - ол күнге де жетеміз |
|
Амалға есеп берер ол күнге де жетеміз |
|
Жаман үйдің қонағы би, ақ босаға, |
|
Хақ сөзін айтады Нәби жақпаса да. |
|
Бауырым осыны жадыңда түй, |
|
Түйе мінген кім болса да Құран тілі араби. |
|
Көкелердің ойы тек қана жеп қалайын, |
|
Кедей - бай, бай Құдай болуға дайын. |
|
Жуынып, шайынып қолдың қанын езер, |
|
Жайылған дастарханыңнан бас тартайын. |
|
Бұл өмір - ойын, жай ғана бір белес, |
|
Дүниені қолыңда ұста, жүректе емес. |
|
Кеңесімді айтайын уақытында түсінесің, |
|
Сəтін жіберіп алсаң пайдасыз өкінесің. |
|
Қу жалғыздық қинады, қашамыз тұрмыстан, |
|
Басы бос, жиналды алыстап намыстан. |
|
Жағдайы келе тұра талақ қылар көбейіп, |
|
Тынысы тарылғанда іздейтіні - Түркістан. |
|
Адамзат атылып шыққан бір тамшы су, |
|
Күнәні шаю үшін білері қан ағызу. |
|
Өзгені адам көрмес- тек ойы бұзу, |
|
Қанішердің адырайып көрінер тісі азу. |
|
Сұраққа жауап болар - ол күнге де жетеміз |
|
Əділеттік орналар- ол күнге де жетеміз |
|
Жүректер жазылар - ол күнге де жетеміз |
|
Соғыс өрті жоғалар- ол күнге де жетеміз |
|
Сүрінсек те құламай- ол күнге жетеміз |
|
Жеңіс үшін налымай - ол күнге де жетеміз |
|
Аш қарын тоқ болар - ол күнге де жетеміз |
|
Амалға есеп берер - ол күнге де жетеміз |
|
Ол күнге де жетермiз, өмiр асау толқын теңiз. |
|
Өмiр өзi ақ пен қара, өмiр-өлiм тумаластай. |
|
Маған келсе егер сөзiме сенсеңiз барын, |
|
Неге кiм атты Алтынбектi қайда кеттi iз? |
|
Оңға ма, солға ма бiлгiм келгенi сол ғана, |
|
Қылмыскердiң орны үйде ме, әлде торда ма? |
|
Кiм атты Заманбектi жанұясын еңiретiп? |
|
Тағыда сол бiр сұрақ - ендi өлiм кiмнiң ретi? |
|
Қандай оның келбетi? Қандай оның ниетi? |
|
Қандай оның достары? Әйелi оны сүйетiн? |
|
Түрi мен түсi, мұрыны, құлақ, шашы, тiсi, |
|
Бұл екeуiн өлтiрткен ұсталмайтын қандай кiсi? |
|
Ах, кiм ол, кiм ол? Кiм ол сонша көрiнбейтiн? |
|
Қайда әдiл КНБ, прокурормен ерінбейтін? |
|
Адам емеспе елім дейтін? Қағаздар қайда желiмдейтiн? |
|
Мен үшiн олар актер жамалғандар сенiң кейпiң. |
|
Қатты айтты демеңiз, ол күнге де жетермiз. |
|
Ақша мен бiлiк десе хайуаннан де бетермiз. |
|
Нәпсi алға койып алғанша қарын-қалта тойып, |
|
Құрбандыққа адамдарды жатыр малша сойып. |
|
Ақиқат айтқандардың көзiн жойып, аузын жапты, |
|
Қаншама отбасының тағдырына балта шапты. |
|
Жауап жоқ нақты, теледидарда бәрi тәттi. |
|
Ақиқатты жерледiк, бiр уыс салып топырақты. |
|
Иә, дәл солай |
|
Ол күнге де жетермiз |
|
Арттық айтты демеңiз |
|
G.H.A.D отбасы |
|
Жақау |
|
Жаңаөзен байланыста |
|
Сіздермен біргеміз |
|
Ай, заман-ай, заман-ай! |
|
Түсті мынау тұман-ай, |
|
Істің бәрі күмән-ай. |
|
Баспақ, тана жиылып |
|
Фәни болған заман-ай. |
|
Құл-құтандар жиылып, |
|
Құда болған заман-ай. |
|
Арғымағын жоғалтып, |
|
Тай жүгірткен заман-ай. |
|
Азаматың құлапты, |
|
Жұрт талық болған заман-ай. |
|
Арғымақтың жалы жоқ, |
|
Жабылар жалымен теңелер. |
|
Жақсылардың малы жоқ, |
|
Жамандар малымен теңелер. |
|
Арғымақ жалсыз, ер малсыз, |
|
Алланың аманаты - жан, |
|
Қай күн алары болжалсыз. |