|
Ай, сұлу қыз, қалың қалай, |
|
Көңіл ауды саған қарай, |
|
Енді жібермеймін оңай. |
|
Тілегіңіз тағы дос па екен? |
|
Жүрегіңіз әлі бос па екен? |
|
Кешіктім бе қап-ай, білемін қалай? |
|
Сері жігіт болшы абай, |
|
Сендейлерді көргем талай. |
|
Сәл-сәл асықпаңыз олай, |
|
Жүрегіміз кілтті жұмбақ қой. |
|
Оны ашу сізге қымбат қой, |
|
Өз еркіңе қарай |
|
Ашасыз қалай? |
|
Жігіт: Ашып алам оңай, жолы керек, |
|
Қыз: Ғашық адам солай болу керек. |
|
Жігіт: Бір арманға күндей толу керек. |
|
Қыз: Екі жүрек бірдей соғу керек. |
|
Жігіт: Көзіңізді жатқа сыйламай, |
|
Қыз:. Өзіңізді босқа қинамай. |
|
Екеуі:. Айырылмай мүлде, болайық бірге |
|
Қабағыңа қонған Күн-Ай, |
|
Жанарыңа толған шырай. |
|
Сені, шүкір берген Құдай. |
|
Сезіміміз тәтті ертегі ай, |
|
Еркелеген менің еркем-ай. |
|
Бақытты талай, көрейік ары қарай. |
|
Қылығыма жүрсең шыдай, |
|
Бақытты боламын ұдай. |
|
Мені, еркелетсең былай. |
|
Сен боласың менің серім-ай, |
|
Мен боламын сенің теңің-ай. |
|
Әніңді арнай, жүрейін қалмай. |