|
作词 : Исраил Сапарбай |
|
作曲 : Маралбек Бабақұлов |
|
Алақанымнан ұшқан аққуым, |
|
Барасың ұзап шалғайға, |
|
Қанатың, қалқам, талмай ма? |
|
Жаныңа медет болғай да |
|
Жазылған тағдыр маңдайға. |
|
Қанатың, қалқам, талмай ма? |
|
Жазылған тағдыр маңдайға. |
|
Желкiлдеп өскен құрағым, |
|
Еркiндеу өскен, шырағым. |
|
Əкеңнiң бар ма арманы, |
|
Табылса теңiң, сыңарың. |
|
Əкеңнiң бар ма арманы, |
|
Табылса теңiң, сыңарың. |
|
Қарлығаш қанат, қарағым, |
|
Қайырлы болсын қадамың. |
|
Өзiңсiң ендi елшiсi |
|
Енжайлау – екi араның. |
|
Өзiңсiң ендi елшiсi |
|
Енжайлау – екi араның. |
|
Алақанымнан ұшқан ақ құсым, |
|
Бiр үйге сен де бақпысың… |
|
Алыстап бара жатқаның |
|
Арқама менiң батты шын. |
|
Алыстап бара жатқаның |
|
Арқама менiң батты шын. |
|
Ағайын, туыс, үй, ана, |
|
Жақынын жатқа қия ма |
|
Ақ ордаң, алтын бесiгiң |
|
Келiп тұр ұшқан ұяңа. |
|
Ақ ордаң, алтын бесiгiң |
|
Келiп тұр ұшқан ұяңа. |
|
Жақсыда жаттық болар ма, |
|
Жаманға көңілiң толар ма. |
|
Жұбыңмен келiп тұрғайсың, |
|
Жалғыздан-жалғыз оралма. |
|
Жұбыңмен келiп тұрғайсың, |
|
Жалғыздан-жалғыз оралма. |
|
Қош аман, қызым, қош аман, |
|
Көңiлiмдi қайтем босаған. |
|
Алдыңнан ашсын бағыңды, |
|
Аттаған жаңа босағаң. |
|
Алдыңнан ашсын бағыңды, |
|
Аттаған жаңа босағаң. |