|
作词 : Ұлықбек Есдәулетов |
|
作曲 : Тоқтар Серіков |
|
Жұмып кейде жанарымды нұр сіңген, |
|
Сырласқанда арман атты тылсыммен. |
|
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел, |
|
Елеңдеймін, сен шығар деп күрсінген. |
|
Ғашық жанның басындағы хал бөлек, |
|
Ғашық жанды әлдилейтін ән керек. |
|
Жаңбыр жауса, тырсылынан оянам, |
|
Іздеп келіп, есік қаққан сен бе деп?! |
|
Қашан болсын қайғы көрмей жүр аман, |
|
Мен тағдырдан басқа тілек сұраман. |
|
Күн астында күмбірлесе күміс су, |
|
Сенің күлкің естілгендей қуанам. |
|
Өмір деген өте шығар өткінші, |
|
Аз ғұмырда көп қуанып, көп күлші. |
|
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн, |
|
Көздеріңе ғашық болып өтсінші. |