[00:00.000] 作词 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста [00:01.000] 作曲 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста [00:22.907] Егерде мен өлсем, әлемге бәле болмас, [00:25.834] Қоғамнан біреуі кем, еш нәрсе байқалмас. [00:28.617] Егерде мен өлсем, жалғанның жаны да мәз, [00:31.416] Ақынның бірі кетіп, бірі болар аспаз. [00:34.275] Егерде мен өлсем, бауырым жалғыз жатады, [00:36.956] Даты бар бұл ғасыр, менсіз де таңы атады. [00:39.752] Егерде мен өлсем, көшелер шоғырланады, [00:42.635] Тәулік бойы телефонды тінтушілер жоғалады. [00:45.416] Егерде мен өлсем, достарым келіп жүрмейді, [00:48.420] Түнде кеш қайтқанымда көршінің иті үрмеді, [00:51.105] Егерде мен өлсем, билер үрки бермейді, [00:53.933] Анашым енді балаң, кешігіп үйге кірмейді. [00:56.758] Егерде мен өлсем, қарызды ұмытыңыз, [00:59.569] Ұл қызыңыз өскенде, тапталмасын хұқыңыз. [01:02.382] Іші тығыз жолаушы, 13, 80, 69. [01:05.217] Аялдамада күтпейді, мен жүретін автобус, [01:08.128] Егерде мен өлсем, әлі де кездесем, [01:10.759] Арттан келер жұртыма ақталып не десем. [01:13.583] Қандай өмір қалдырдың деп, болашақ талап етеді, [01:16.475] Бұл ғұмырды пайдасыз бекерге бос өтсем. [01:19.381] Бекерге мен өлмейін, мәңгі болам демейін. [01:25.311] Адасқан бұл бір жаным [01:29.265] Талпынуға бейім! [01:30.647] Әмір келсе жан алар, сақтай алмас бой тұмар. [01:36.553] Пенде бар ма жалғанда [01:40.504] Тектілікпен көз жұмар! [01:42.142] Бекерге мен өлмеймін, салынбас бейітім, [01:44.785] Туылған соң адам боп, тәрк етем ит кейіпін. [01:47.535] Ширатылған бұл жолда, алға қарай басамын, [01:50.420] Аспаз болып қазағыма, сүрленген ет асамын. [01:53.194] Бекерге мен өлмеймін Асланға арқа болам, [01:56.001] Ішкі шерін тарқатуда мұңдасы боп табылам. [01:58.838] Көшенің ұлдары көп итше қуып жынданар, [02:01.575] Барлаушылар бұл жолы жырымнан сусынданар. [02:04.563] Бекерге мен өлмеймін, достарым көбеюде, [02:07.291] Шаршап үйге қайтқанымда ай қарап иілуде. [02:10.188] Бай, бек, билерге, дайын тек күй терме, [02:12.963] Ахау деп жыр айтайын шомылсын қара терге. [02:15.820] Бекерге мен өлмеймін, қарызымды қайтарам, [02:18.596] Ұл-қызыңа барымша жазармын қайсар ән. [02:21.276] Қалай ғана қозғалсамда, міндетімді атқарам, [02:24.046] Анашымның сүтін ақтап жау ниетін тойтарам. [02:26.967] Бекерге мен өлмеймін, болашақ қамы үшін, [02:29.770] Бекерге кете қоймас барымша салған күшім. [02:32.493] Бекер өтпес өмір ішіп-жеумен арпалыса, [02:35.423] Арада тұлға көбейер, тәңір егер қаласа. [02:38.296] Бекерге мен өлмейін, мәңгі болам демейін. [02:44.146] Адасқан бұл бір жаным [02:48.185] Талпынуға бейім! [02:49.789] Әмір келсе жан алар, сақтай алмас бой тұмар. [02:55.482] Пенде бар ма жалғанда [02:59.103] Тектілікпен көз жұмар!