|
作词 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста |
|
作曲 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста |
|
Ойланып сөйле, бала, тілден қағынасың, |
|
Айтуын айтып, кімнің артына тығыласың? |
|
Анаңды жылатып неғыласың? |
|
Шамаңды білмей, несіне қуанасың? |
|
Көшелерді білсең, көпті ұғасың, |
|
Кімді тыңдап, кімге сенім артасың. |
|
Кіммен бас қосасың. Білесің бағасын. |
|
Қиналсаң, ойланып, амалын табасың, |
|
Ұрса ұрасың, қуса қашасың, қысса атасың, |
|
Зыңды ұнатасың, ақшаға құмарланасың. |
|
Қиын өмір қанатыңды қимасын, басыңа іс салмасын. |
|
Қиын сәтте бауырын сатқан оңбас. |
|
Сақта есте, өмір кесте, кезек. |
|
Іс-әрекет қажет, көшеде өскен бала көпті біледі. |
|
Иә, көпті біледі. |
|
Көшелерді білсең көпті ұғасың, |
|
Кімді тыңдап, кімге сенім артасың? |
|
Кіммен бас қосасың? |
|
Айтшы қазақтың несіне таңқалудасың? |
|
Көбі өшуде, даланың ұлы тап боп көшеге, |
|
Ішіп жегенге мәз, аңдығаны атау-палау, |
|
Итше үріп, қаңғығанды алдап, талау. |
|
Тепсе темір үзер, аяқ-қолы балғадай, |
|
Арба сүйреп, қап көтерер ағатай. |
|
Таймайды жолынан, дейді жекпе-жек, |
|
Көрпеше төсеп артына төмпешектің, |
|
Бойжеткенді бүлдіретін мына жануар, |
|
Әрине осыдан кейін нашарлайды арулар. |
|
Бұты талтақ, қолтығы жараға не шара? |
|
Бейшараның сөзі де, амалы да шала. |
|
Қазақ, тұлға туса артынан оқ атады, |
|
Білмедім неге, қатын қылықты ұнатады. |
|
Тоқ бала аш баламен ойнамас, |
|
Аш бала тоқ баланы аямас. |
|
Астаң-кестеңін шығарды-ау қаланың, |
|
Аспан төңкерсе бітеді дауы даланың. |
|
Кәрі бала жас баламен ойнамас, |
|
Әлі жас кәріге еліктеп, тіл алмас. |
|
Нас қылық сиіп, тышар дастарханыңа, |
|
Қараңғы халық болсада бәрібір ханыңа. |
|
Ал енді алып кел құлақты, |
|
Алдыңда тентектер, тығып қой саусақты, |
|
Бұл көшенің әндері, шегіп жапырақты, |
|
Кинодай өмірлері, соңында вахта, |
|
Қайда күлкілерің, а? |
|
Johnny is here baby, қазақша рэп керім бауыр, |
|
Ойымда көп сөз, бітпейді дәптерім, |
|
Қара қала, қара түтін мінекей өнерім, |
|
Қасымдағы достарға менің респекттерім. |
|
Бүгін тиын болса Құдайсың, жоқ болса малайсың. |
|
Бір рет алданып қалып, өзің де алдайсың, |
|
Түлкідей қу болсаң көшеде, жарайсың, |
|
Бірақ байқа достым, бітеді энерджайзерің. |
|
Көше деген бір мектеп, келерсің еңбектеп, |
|
Содан соң сәл өсерсің тәй басып ептеп, |
|
Ақырын қанат жаярсың күннің күнінде, |
|
Кетіп қал уақытында, қалмай шөлмек түбінде. |
|
Бала кезден өскен дос, айналып стақандасқа, |
|
Қалды саған қараудан қаракөз қарындастар. |
|
Жігер қалмай бойыңда мұның бәрін тастайтын, |
|
Аяққа нық тұрып жаңа өмір бастайтын. |
|
Әкеңнің сөзін тыңда, отбасың саған қорған, |
|
Ұры-қарыға еріп, талайы мерт болған, |
|
Көшені ұмытпа, айттым ғой бұл мектеп, |
|
Жақсыға жақында, жамандықтан шектел. |
|
Адам боп өніп-өс, биіктерге самға, |
|
Қару-жарақ пен құмар - мұның бәрі жалған. |
|
Көшеде өскесін, көрдік тәрбиесін, |
|
Бойға сіңірген ұғым тек тура бағыт берсін. |