| [00:00.000] |
作词 : Шынгыс Алкеев |
| [00:01.000] |
作曲 : Шынгыс Алкеев |
| [00:19.429] |
Суық қыстың уақытында мен өзіңе ғашық болғам, |
| [00:23.946] |
Су құйылған құмырадай мен бақытқа болдым толған. |
| [00:28.732] |
Қырау басқан кеудеме мәңгі көктем оралған, |
| [00:33.758] |
Купидонның ақ жебесі жүрегіме қадалған! |
| [00:38.284] |
Енді саған мен боламын қорғаушы да, періште, |
| [00:43.109] |
Құшағыңда болсам егер жатқандаймын пейіште. |
| [00:47.879] |
Бас тартпаймын өзіңнен болса тіпті күйініште, |
| [00:52.939] |
Бөлісуге мен дайынмын қайғымен де қуанышпен. |
| [00:57.707] |
Үмітімнің шамшырағы шаттана лапылдайды, |
| [01:02.466] |
Сұлу келбетіңе сенің қараудан көз тоймайды. |
| [01:07.234] |
Тек өзіңсің таңдаған, тек өзіңсің аңсаған, |
| [01:12.150] |
Қылмыс емес құшағыңа сенің ыстық ұмтылғаным! |
| [01:16.917] |
Сүйем! Сүйем сүйем сені аруым! |
| [01:21.688] |
Сүйем! Сүйем сүйем сені арманым! |
| [01:26.206] |
Сүйем! Сүйем сүйем сені аяулым! |
| [01:31.292] |
Сенемін, сеземін боласың сен қасымда! |
| [01:36.562] |
Аяулым, есіңде сақтап ал, мен кіммін? |
| [01:38.569] |
Мен саған енді қорғаушы-періштеңмін! |
| [01:41.079] |
Қажет болса жаным-ау мен сен үшін өлемін, |
| [01:43.589] |
Қажет болса жаным-ау мен сен үшін өлтіремін. |
| [01:45.848] |
Жоғалсаң онда жерді көкке төңкеремін, |
| [01:48.361] |
Айыпты болсаң бар кінәні өзім көтеремін. |
| [01:50.619] |
Қажет болса сұрама, жәй ғана еркелегін, |
| [01:53.129] |
Көздеріңнен сенің тілектеріңді түсінемін. |
| [01:55.394] |
Қасымда болмасаң қайғыра күрсінемін, |
| [01:57.653] |
Өкпелеттім көп... өкінемін, |
| [02:00.425] |
Қане келші құшағыма, қандай тәтті еріндерің, |
| [02:04.692] |
Дәл өзіңдей бойжеткенмен бұл өмірде кездеспедім. |
| [02:09.515] |
Қане келші, қане келші, келші қане қасыма, |
| [02:14.322] |
Рұқсат берем мен өзіңе шыға бер менің басыма. |
| [02:19.200] |
Менің қояр талабым бар: мені сен тастама, |
| [02:23.969] |
Ақ төсекті менен басқа ешкіммен сен ластама. |
| [02:28.737] |
Ешқашанда араласпа менің жұмысыма. |
| [02:33.654] |
Сүйем! Сүйем сүйем сені аруым! |
| [02:38.423] |
Сүйем! Сүйем сүйем сені арманым! |
| [02:43.067] |
Сүйем! Сүйем сүйем сені аяулым! |
| [02:47.990] |
Сенемін, сеземін боласың сен қасымда! |