作词 : Оразбек Кинбаев 作曲 : Дін Шора Көрсем де талай сылқымды Көрсем де күлкі мың түрлі Бұрын соң жаным еш жерден Көрмеппін сенің күлкіңді Мұңаюдың жоқ керегі Күлгенің күшті себебі Күлкіңе қарап күн-түні Отыра бергім келеді Күлкің-ай күлкің-ай Айдан да әсем шіркін-ай Ғашық болған шығармын Күлкің үшін мүмкін-ай Күлкің-ай, ай күлкің-ай Күннен де көркем шіркін-ай Тарқаттың-ау бір күліп Көңілімнің бұлтын-ай Үніңнен нәзік үзілген Тістерің маржан тізілген Сәл төмен қарап көздерің Айналдым күлген жүзіңнен Өзіңше болма өзіңше Жүрегіңмен сезінсең Ғашық боп қалар басқалар Күлмеші көптің көзінше Күлкің-ай күлкің-ай Айдан да әсем шіркін-ай Ғашық болған шығармын Күлкің үшін мүмкін-ай Күлкің-ай күлкің-ай Күннен де көркем шіркін-ай Тарқаттың-ау бір күліп Көңілімнің бұлтын-ай Күлкің-ай күлкің-ай Айдан да әсем шіркін-ай Ғашық болған шығармын Күлкің үшін мүмкін-ай Күлкің-ай күлкің-ай Айдан да әсем шіркін-ай Ғашық болған шығармын Күлкің үшін мүмкін-ай Ғашық болған шығармын Күлкің үшін мүмкін-ай